Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың сөзінше, студенттер өз мамандығы бойынша ЖИ-ді меңгереді.
Студенттеріміз чат-боттарды белсенді түрде жасап жатыр. 119 жасанды интеллект агенті әзірленіп, тестіленіп жатыр, тағы жүздегені дайындалу үстінде. Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін әлемдік сарапшылар мен профессорлар тартылады. Бүгінде жасанды интеллект курстары барлық университеттерде міндетті пәнге айналды. 93 жоғары оқу орны өз бағдарламаларын бейімдеді, ал 20 университет 25 жаңа білім беру бағдарламасын ашты, — деп айтты Гүлзат Көбенова брифингте. Бұл бағдарлама студенттердің білімді қоғам мен болашақ экономикасы үшін құнды жобаларға айналдыра алуына жағдай жасайды. Әрбір студент өз мамандығында жасанды интеллектті қолдануды меңгеріп, болашақта жаңа технологиялар жасап немесе стартаптар аша алады, — деді Гүлзат Көбенова.
AI-Sana бағдарламасы базалық оқыту, тереңдетілген дайындық, жобалар әзірлеу, акселерация секілді бірнеше кезеңнен тұрады.
Базалық оқыту. Алдымен 100% студент Coursera, Huawei және Astana Hub платформаларында ЖИ негіздерін меңгереді. Бұл білімді барлық бакалаврлар, магистранттар және докторанттар игереді.
Тереңдетілген дайындық. Кейін арнайы әдістемелік бағдарлама жасалып, студенттер кәсіпкерліктің негіздерін, ЖИ-ді нақты жобаларда қолдануды және жаңа идеялар жасауды үйренеді.
Жобаларды әзірлеу. Келесі кезеңде студенттер өз жобаларын жасап, оларды менторлар мен сарапшылардың көмегімен дамытады.
Акселерация. Соңғы кезеңде үздік идеялар стартапқа айналып, акселерациядан өтіп, халықаралық деңгейге шығарылады.
Министрлік өкілінің дерегінше, қазіргі уақытта ЖИ негіздері бойынша курстан 390 мыңнан астам студент өтті, ал 3 мыңнан астам оқытушы сертификат алды.
Студенттеріміз чат-боттарды белсенді түрде жасап жатыр. 119 жасанды интеллект агенті әзірленіп, тестіленіп жатыр, тағы жүздегені дайындалу үстінде. Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін әлемдік сарапшылар мен профессорлар тартылады. Бүгінде жасанды интеллект курстары барлық университеттерде міндетті пәнге айналды. 93 жоғары оқу орны өз бағдарламаларын бейімдеді, ал 20 университет 25 жаңа білім беру бағдарламасын ашты, — деді ведомство өкілі.