Ресейдің Ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастады.
Тексеру басталғаны туралы ақпаратты журналистерге Ресей ІІМ-нің Азаматтық қоғам институттары және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасы хабарлады.
«Өтініште келтірілген мән-жайлар бойынша тиісті тексеруді Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей ІІМ-нің Бас басқармасы жүргізіп жатыр», — деді ведомство басшысының орынбасары Евгений Артёмов.
Бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.