Screenshot
Мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен демократиялық даму жолындағы ең негізгі тірегі — заң үстемдігі мен әділеттілік қағидатының мүлтіксіз орындалуы болып табылады. Жаһандық және отандық құқықтық кеңістіктегі жаңашылдықтар аясында қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа қарсы «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру — заман талабы. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Заң және тәртіп» біртұтас жалпыұлттық нарративі мен «Қауіпсіз қоғам» тұжырымдамасы бүгінде еліміздің әрбір өңірінде нақты іс-шаралар арқылы көрініс табуда. Бұл ретте, Түркістан облысының ең жас әрі стратегиялық маңызы жоғары аймақтарының бірі — Сауран ауданында заңдылықты қамтамасыз ету, құқық қорғау және арнайы органдарға деген бұқара халықтың сенімін арттыру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүлдем жаңа қарқын алып, жүйелі сипатқа ие болды.
Қоғамда құқықтық нигилизмді жою және азаматтардың заң тұрғысынан сауаттылығын көтеру мақсатында Сауран ауданы прокуратурасының тікелей ұйымдастыруымен тұрғындарға арналған «Құқықтық дәріхана» атты ауқымды қоғамдық қабылдау шарасы болып өтті. Тұжырымдамалық тұрғыдан өте ерекше бағытталған бұл бастама аудан аумағында заң мен тәртіптің орнығуына, азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін жаңа сатыға көтеруге бағытталған пәрменді қадамдардың бірі ретінде бағаланды. Шараның негізгі мақсаты — Сауран ауданының тұрғындарына ешқандай кедергісіз, ашық, тегін әрі қолжетімді құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін түрлі құқықтық мәселелер бойынша бұқараның сауаттылығын арттыру болып табылады.
Аталған қоғамдық қабылдауда жергілікті атқарушы орган өкілдері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың білікті мамандары тұтастай қатысты. Бұл формат құқық бұзушылықпен күресуде тек күштік құрылымдар ғана емес, бүкіл мемлекеттік аппараттың бірлесе, ведомствоаралық тығыз байланыста жұмыс істеуі қажеттігін дәлелдеп берді. Қабылдау барысында Сауран ауданының заңғар заңгерлері мен уәкілетті тұлғалары әрбір келген азаматтың өтініштері мен жеке мәселелерін мұқият қарап, заң шеңберінде шешілу жолдарын саралады. Тұрғындар прокуратура, полиция және өзге де мемлекеттік органдардың салалық мамандарынан кәсіби деңгейдегі заңгерлік кеңестер алып, заң өкілдерінен тікелей қажетті құқықтық көмекке ие болды.
«Заң және тәртіп» қағидатын қоғамдық санаға сіңіруде мұндай тікелей диалог алаңдарының маңызы өлшеусіз. Себебі, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті сұрақтарға (жер дауы, әлеуметтік көмек, құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл т.б.) тікелей жауап алған кезде ғана құқық қорғау жүйесі мен мемлекеттік органдардың ашықтығына көз жеткізеді. Бұл, өз кезегінде, Президент айқындап берген «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтудың, азаматтардың полиция мен прокуратура қызметкерлеріне деген оң көзқарасын қалыптастырудың негізгі тетігі саналады. Құқық қорғау органдары тек жазалаушы емес, ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қорғайтын және құқықтық көмек беретін ашық институт ретінде бой көрсетуде.
Қазіргі таңда Сауран ауданы көлемінде атқарылып жатқан бұл жүйелі ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстары кез келген заң бұзушылыққа, мейлі ол ұсақ бұзақылық немесе қоғамдық орындардағы тәртіпсіздік болсын, халық арасында мүлдем төзбеушілік сезімін оятуға бағытталған. Саурандықтар арасында «Қауіпсіз қоғамды» тек заң орындары емес, әрбір тұрғын өз жауапкершілігін сезіну арқылы бірге құратыны туралы ұғым тереңдеп келеді. Осындай нәтижелі де мазмұнды «Құқықтық дәріхана» тәрізді жобалар алдағы уақытта да ауданның барлық ауылдық округтерінде өз жалғасын тауып, заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік саясаттың басты темірқазығы болып қала бермек.