Қазақстанда микро және шағын бизнеске қатысты өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығару тәртібі бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі микро және шағын бизнес субъектілеріне негізгі салық қарызын өтеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығаруға мүмкіндік беретін қағидаларды бекітті», – делінген ресми хабарламада.
Аталған құжат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 ақпанда тіркелгені атап өтілді.
Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, бұл шара кәсіпкерлерге түсетін қаржылық жүктемені азайту және қарыздарды қосымша санкцияларсыз реттеуге мүмкіндік беру мақсатында қабылданған.
Ведомство мәліметінше, егер кәсіпкер 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан салықтық берешектің негізгі сомасын (недоимканы) 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтесе, онда:
•есептелген барлық өсімпұл (толық төлем жасалған күнге дейінгі өсімпұлды қоса алғанда) толықтай есептен шығарылады;•қарызы өтелген салықтар мен міндетті төлемдер бойынша айыппұлдар жойылады;•сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде ҚҚС бойынша есепке тұрмау кезінде жасалған айналымдар үшін салынған айыппұлдар да (мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары болмаған жағдайда) есептен шығарылуы мүмкін.
«Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін негізгі қарыз сомасын 2026 жылғы 31 наурызына дейін толық төлеу қажет. Одан кейін өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығару мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссиялар тарапынан жеке шоттарды тексеру қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Қабылданған қағидалар кәсіпкерлерге ескі қарыздарды қосымша қаржылық шығынсыз жабуға, қарыз жүктемесін азайтуға және санкциялардың әрі қарай есептелу қаупінсіз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
