Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алаңында министрдің орынбасары Арман Исетов Италия Республикасының Елшісі Антонелло Де Риумен кездесті.
Кездесу барысында тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және мәдени-гуманитарлық жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады. 2025 жылы екіжақты сауда көлемі шамамен 17 млрд АҚШ долларына жетсе, соңғы 30 жылда италиялық инвестициялар 9,5 млрд доллардан асқан. Қазір Қазақстанда 267 италиялық компания жұмыс істейді.
Сондай-ақ қазақстандық тарап Италияны қысқы Олимпиада ойындарын табысты өткізуімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.
