Италияда батыл ұрлық жасалды. Парма қаласына жақын маңдағы музейге шабуыл кезінде әлемдік өнердің үш жауһары қолды болған. Олар – Пьер-Огюст Ренуардың “Балықтар” картинасы, Поль Сезаннның “Шиемен натюрморт” туындысы және Анри Матистің “Террасадағы одалиска” картинасы.
Полиция мәліметінше, оқиға 22 наурыз күні болған. Бетперде киген төрт ер адам Magnani Rocca Foundation вилласына кіріп, бірінші қабаттағы Француз залынан картиналарды алып кеткен. Қаскөйлер өте жылдам әрекет етіп, бар болғаны үш минуттың ішінде көздегендерін жүзеге асырған. Дабыл жүйесі толық іске қосылмай, тек ішінара ғана жұмыс істеген, бұл өзге туындылардың ұрлануына жол бермеген. Ал күдіктілер қоршаудан асып қашып кеткен.
Қор өкілдерінің айтуынша, қылмыскерлер “ұйымдасқан әрі үйлесімді” түрде әрекет еткен. Егер күзет пен полиция дер кезінде араласпағанда, олар бұдан да көп өнер туындыларын ұрлауы мүмкін еді.
Ренуардың шамамен 1917 жылы салынған “Балықтар” картинасы 6 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл соңғы жылдары Италияда жасалған ең ірі өнер ұрлықтарының біріне айналуы мүмкін.
