WBO/IBF орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы желідегі парақшасына алдағы жекпе-жегі жайында жазба жариялады.
— Нағыз чемпион төрт титулдың бәрін иеленуге ұмтылуы керек! Егер сенде 1-2 ғана белбеу болса, демек салмағыңда басқа да чемпиондар әлі бар деген сөз.
Чемпион ешқандай титулды өзгеге қалдырмай, барлығын жинауға тырысуы керек! Чемпиондық ұстаным осындай болу шарт деп есептеймін, — деп жазды ол.
Шетелдік ақпарат көздерінің дерегінше, Kazakh style атанған былғары қолғап шебері 6 желтоқсанда WBA белбеуін жеңіп алу үшін кубалық Эрисланди Ларомен қолғап түйістіреді.
