Алтын-Емел ұлттық паркінде Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды.
Алтын-Емел ұлттық паркінің аумағында тұрақты жүргізіліп келе жатқан мониторинг жұмыстары барысында орнатылған фототұзаққа сирек кездесетін Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) түсірілді.
«Бұл түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауға алынған. Аталған бейнематериал парктің жоғары биіктіктегі аймақтарындағы экожүйенің жақсы сақталғанын көрсетеді. Мұндай деректер Алтын-Емел ұлттық паркінің биоалуантүрлілікті сақтау және зерттеу бағытындағы жүйелі жұмыстарының нәтижесін айқындайды», — делінген хабарламада.
