Әлеуметтік желілерде белгісіз біреулер Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасамақ деген жалған ақпарат тарап кеткен. Бұл дерек бойынша Полиция департаменті терроризм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
«Күдіктілер жақын арада анықталып, еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», — деді полиция.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген: мектептерде бейнебақылау жүйелерінің жұмысы күшейтіліп, оқу орындары маңында полиция жасақтарының саны артқан.
