Куба президенті Мигель Диас-Канель Венесуэлада қаза тапқан 32 куба азаматына байланысты екі күндік ұлттық аза тұту жариялады. Бұл туралы Granma басылымы хабарлады.
«2026 жылғы 5 қаңтар күні сағат 06:00-ден 6 қаңтар күні 00:00-ге дейін екі күндік ұлттық аза тұту жариялансын», – делінген президенттің жарияланған жарлығында.
4 қаңтарда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Куба үкіметі Венесуэладан кейін америкалық биліктің келесі нысанасына айналуы мүмкін екенін мәлімдеген. Алайда ол Вашингтонның Гаванаға қатысты қандай нақты шаралар қабылдауы мүмкін екенін ашып айтудан бас тартты. Рубионың сөзінше, АҚШ-тың қазіргі Куба үкіметін қолдамайтыны «ешкімге құпия емес».
Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ Қарулы күштерінің Венесуэлада жүргізген операциясы барысында ел президенті Николас Мадуроны қорғаған «көптеген кубалықтардың» жойылғанын мәлімдеген.
3 қаңтарда Куба президенті Мигель Диас-Канель Бермудес халықаралық қауымдастықты АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған шабуылына үн қатуға шақырды. Ол Гавананың америкалық әскерилердің латынамерикалық республикаға жасаған «қылмыстық шабуылын» қатаң айыптайтынын атап өтті.
