Алматылық «Қайрат» футбол клубы Түркияда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Алайда бұл жиынға Дастан Сәтпаев қатыспайды.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшы соңғы медициналық тексерістен кейін толық айықпағаны анықталған. Осыған байланысты Дастан Катарда кезекті оңалту курсынан өтеді.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасындағы соңғы екі матчқа «Брюгге» мен «Арсеналға» қарсы кездесулерге қатысқан жоқ.
Ол 2025 жылдың желтоқсанынан бері қазан айында алған жарақатынан оңалту кезеңінен өтіп келеді.
«Қайрат» жаңа маусым алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынын 20 ақпанға дейін Түркияның Белек қаласында өткізеді
