20 тамыз күні Шымкент қаласында Тұран аудандық полиция басқармасының бастығы мен оның қарамағындағы жедел бөлім қызметкері ұсталды. Оларға қылмыстық істі қайта саралау үшін пара алды деген күдік келтірілуде. Бұл туралы заңгер Талғат Есімов хабарлады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын Антикор жүргізіп жатыр.
«Шымкент тарихында алғаш рет аудандық полиция басқармасының бастығы ұсталып отыр. Бұл — ҰҚК жанындағы жаңа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мүлде басқа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Сондықтан нәтижелер де айтарлықтай болмақ», — деді Талғат Есімов.
Құқық қорғау органдарынан ресми пікір әзірге жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Антикорды таратқан болатын. Оның орнына ҰҚК-ге бағынышты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды. Жаңа құрылымның жұмысы қаншалықты тиімді болатынын уақыт көрсетеді.
