АҚШ-тың Азиядағы одақтастарының қауіпсіздік мүдделері Дональд Трамп жүргізіп отырған саясаттың құрбаны болуы мүмкін. Мұндай пікірді Үндістанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Консультативтік кеңесінің бұрынғы мүшесі Си Раджа Мохан Foreign Policy (FP) басылымына жазған мақаласында білдірді.
Оның айтуынша, Трамптың Украинаға қатысты ұстанымы оның «Америка бәрінен бұрын» саясатының мәнін айқын көрсетеді. «Екінші президенттік мерзімінің алғашқы айларында-ақ Азия бұл тәсілдің қатаңдығын сауда саласында сезінді. Себебі альянстар мен қауіпсіздік мүдделері экономикалық ұлттық мүдделердің көлеңкесінде қалып қойды», — дейді сарапшы.
Моханның пайымдауынша, егер Вашингтонның одақтастарының қауіпсіздік мүдделері Трамптың Қытай және Ресеймен тұрақты қатынас орнату жөніндегі көзқарасына қайшы келсе, олар назардан тыс қалуы ықтимал.
Бұған дейін Жапонияның бұрынғы қорғаныс вице-министрі Руи Мацукава Токиоға АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдіктерінен «тәуелсіз болуды» және кейіннен өз ядролық қаруын жасауды қолға алу қажет екенін айтқан еді.
