IMDb нұсқасы бойынша 2025 жылдың ең сұлу актрисаларының тізімі жарияланды. Рейтинг порталдың ресми сайтында шыққан.
Бірінші орынға австралиялық жұлдыз Марго Робби ие болды. Екінші орынға «Дивергент» фильмінің актрисасы Шейлин Вудли, ал үшінші орынға қытайлық актриса Дилраба Дилмурат жайғасты. Бестікке сондай-ақ Нэнси Макдони мен үндістандық Крити Санон кірді.
Тізімде бұлардан бөлек пәкістандық тележұлдыз Хания Аамир, куба-испан актрисасы Ана де Армас, британдық Эмма Уотсон және америкалық Эмбер Херд бар. Ал үздік ондықты жалғыз түрік актрисасы Ханде Эрчел түйіндеді.
Айта кетейік, биыл сәуір айында People журналы «Субстанция» фильмінің жұлдызы, актриса әрі бұрынғы модель Деми Мурды «әлемдегі ең әдемі адам» деп таныған болатын.
