Шымкент әкімдігінің тұрғын үй басқармасының бастығы Нұрбол Жүнісбеков ұсталды. Бұл туралы Kozachkov телеграм арнасы мәлімдеді.
Ол қала әкімдігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін Түркістан облысында қызмет атқарған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында. Тергеуді ҰҚК жүргізуде.
Айта кетейік, Нұрбол Жүнісбековке дейін Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы болған Азат Момынов ақша жымқыру фактісі бойынша істі болған. Оның көпқабатты 216 үйдің сейсмика дайындығына бөлінген 120 миллион теңге қаржыны монша құрылысына жұмсағаны дәлелденіп, тоғыз жылға сотталған.
