Қазақстан АҚШ иммиграциялық визаларды беруді тоқтатқан елдер қатарына кірді. Мұндай мемлекеттердің жалпы саны – 75.
Бұл шектеу АҚШ-та тұрақты тұруды көздейтін шетел азаматтарына арналған иммиграциялық визаларға қатысты, деп нақтылады Мемлекеттік департамент.
Аталған шешім уақытша жұмыс істеуге, оқуға немесе туристік мақсатта берілетін қысқамерзімді визаларға қолданылмайды.
Трамп әкімшілігінің бұл шешімі ағымдағы жылдың 21 қаңтарынан бастап күшіне енеді және АҚШ билігінің мәліметінше, «жаңа иммигранттардың америкалық халық есебінен материалдық пайда көрмейтініне кепілдік берілгенге дейін» қолданыста болады.
Тізімге Қазақстан да енгізілген.
Айта кетейік, аталған тізімге Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан да кірген.
