Жаркент қаласында өз баласын соққыға жықты деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Балалар әзірге отбасыны қолдау орталығына орналастырылды.
Жетісу облысы полициясының мәліметінше, қалалық WhatsApp чаттарында әйелдің баланы ұрып жатқан сәті түсірілген бейнежазба тараған. Осыған байланысты Панфилов аудандық полициясы жедел тексеру жүргізіп, Жаркент қаласының 28 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғанын анықтаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Екі бала болған оқиғаның барлық мән-жайы толық анықталғанға дейін отбасыны қолдау орталығына орналастырылды.
Ата-ана құқықтарынан айыру мәселесін қарау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына тиісті ұсыныс жолданатын болады.
«Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында. Тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді полиция.
